БАСҚАРМА БӨЛІМДЕРІ

Персоналды басқару қызметі кадрлар мониторингін жүргізеді, мемлекеттік қызметке түсу, өту және аяқтау шараларын сақтауды, еңбек тәртібі мен жағдайы, кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз етеді. Кадр сұрақтары бойынша байқау, аттестаттау, тәртіптік және басқа комиссиялар қызметін қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі: 55-66-33

Жастармен жұмыс және жұмысқа орналастыру мәселелері бөлімі жастар арасындамәдениет және азаматтық-құқықтық тәрбие іс-шараларын жүргізеді. Қаланың аулалық клубтары жұмысын ұйымдастырады, жастар форумдарын, фестивалдер мен басқа да әр түрлі деңгейдегі кездесулерді өткізеді. Діни ұйымдармен жұмысты, жастар арасында діни лаңкестік пен экстремизмге қарсы жұмыс жүргізеді. Жастар мен жеткіншектер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын – алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен ара қатынасты қамтамасыз етеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық проблемаларына үнемі анализ жасап отырады.
Жастармен жұмыс және жұмысқа орналастыру мәселелері бөлімі: 55-66-26

Жастар ұйымдарымен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімі саяси партиялардың жас қанаттарымен, этномәдени бірлестіктерімен тығыз байланыс жасайды. Жастар саясаты саласында нормативтік-құқықтық актілерді орындау анализін, мониторингін жүргізеді. Астана жастары паспорты көрсеткіштерін жаңартуды бақылайды. Жастар арасындағы үрдістерді талдайды және болжайды. Жастар арасында әлеуметтік және әлеуметтік-саяси зерттеулерді әзірлеп өткізеді, зерттеулер қорытындысын талдап, түсініктеме береді.
Жастар ұйымдарымен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімі: 55-66-85
 

Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімі басқарманың қаржылық-шаруашылық және заңды қызметін жүзеге асырады. Басқарманың бухгалтерлік есебіне, мемлекеттік сатып алулар мен кіріс, шығыс құжаттарға жауапты. Басқармаға қатысты барлық құқықтық сұрақтарды шешеді.
Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімі: 70-32-34

Кеңсе: 55-66-83

Эл. почта: ump.astana@gmail.com

Басқармасының сеңім телефондары: 55-66-33, 55-67-11