КІШКЕНТАЙ АМИНА ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІ ӘНШІСІ ҚАЙРАТ НҰРТАСПЕН КЕЗДЕСТI

   26.12.2017

Бала арманы өмірдегі ең тәтті, ең ұшқыр емеспе! Жаңа жыл қарсаңында өз армандарын асыға қағаз бетіне түсіретін балапандарымыз қаншама. Сондай бала арманының бірі бүгін орындалғанын қуанышпен жеткізгіміз келеді. Елордалық кішкентай Амина халықтың сүйікті әншісі Қайрат Нұртаспен кездесіп суретке түсуді 4 жыл армандап келген екен. Кішкентай қыздың осы арманын естіген астаналық Жастар саясатының басшысы Асхат Оралов нағыз жаңа жылдық сыйлықты ұйымдастырды десек болады. Ақмарал Блялова Қайраттай қазақстандық өте танымал әншінің қарапайымдылық пен мейірімділік танытып, бала арманын орындағанына зор ризашылығын білдіруде. Біз өз тарапымыздан Қайратқа нағыз азаматтық ұстанымы үшін алғысымызды білдіреміз! Астана ақжарқын, мейрімді жандар мекені!