15 ҚЫРКҮЙЕК 2017 ЖЫЛ
“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ

   14.09.2017

 

 

 

Өткізілетін күні: 2017 жылғы 15 қыркүйек сағат 12:00-де.

Өтетін жері: Астана қаласы, “Бәйтерек” монументі.

 

2017 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ірі ауқымды «Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы басталады.

Акция еліміздің бүкіл аумағында 2017 жылғы 15-22 қыркүйек аралығында өтеді.

Аталмыш шараның басты мақсаты: жастардың рухани жаңғыру принциптеріне деген қызығушылығын ояту.

Шараға жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары, танымал тұлғалар және меценаттар қатысады.

Акция аясындағы 7 күн ішінде еліміздің барлық облыстық және аудандық орталықтарында, қалалар мен ауылдық округтерде “Білім”, “Асар”, “Тағзым”, “Өнер” атты  4 бағыт бойынша іс-шаралар кешені өтеді.

«Білім» -  бағдарламалық мақаланы, Қазақстан және туған жер тарихын  білу бойынша жаппай викторина, дебаттар.

“Асар” – мұқтаж  жандарға, зейнеткерлерге, егде жастағы жалғызілікті адамдарға, балалар үйлеріне көмек қолын созу, балалар алаңдарын жөндеу және т.б. 

“Тағзым” – тұрмыстық орындарды (су арналарын) жиыстыру және абаттандыру, ағаш отырғызу.

“Өнер” – барлық қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде түрлі қосалқы мәдениет өкілдерінің қатысуымен өтетін жастар  фестивалі.

Атап айтқанда, Астана қаласында өтетін акцияға түрлі санаттағы жастардың 1000-нан астам  өкілі қатысады. Олардың ішінде  оқушылар, студенттер, еңбекші жастар, спорт және мәдениет өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары бар.

Шара барысында жастар «Рухани Жаңғыру» сөздерін бейнелеп, сапқа тұрады, флешмоб өткізеді.

Акция, сондай-ақ, музыкалық нөмірлермен және викториналармен жалғасып, олардың барысында жеңімпаздар «Рухани Жаңғыру» деген логотип бейнеленген және тақырыптық жазулары бар жүлделер мен футболкаларға ие болады.

Акция жаңалықтарын БАҚ-тан және Instagram әлеуметтік желісінен  #Туғанжер #РуханиЖаңғыру #Астана #Алматы хэштегтері және т.б. арқылы көре аласыздар